Түркістан – рухани туризм орталығына айналмақ

Oinet.kz 16-05-2019 1116

Screenshot_9.jpg

Ұлыбританиядан келген журналист Джон Наймен Қазақстан туралы, оның ішінде Түркістан шаһары жөнінде жылы пікірде. Ол мұндай пікірге Түркістанға сапар шегіп келгенде тоқталды. Киелі қала оның көңілінен бірден шыққан.Тарихи нысандардан бөлек, қалада сервис орталықтары көбейіп, көркейіп, туристер үшін жұмыс істеуге бет бұрғандарына разылық білдірді.

– Қазақстан жайлы теледидардан көріп, естігеніміз болмаса алғаш келуім. Тарихи-мәдени орындарды көзбен көріп, жан-дүниеңмен сезіну мүлде басқаша әсер береді. Түркістанға рухани туризм орталығына айналуға мүмкіндік зор. Жұмысқа барған соң Қазақстан, оның ішінде Түркістандағы мына ғажап ғимараттар жайында міндетті түрде жазатын боламын. Содан кейін шетелдіктер Қазақстан жайында көбірек білетін болады, - дейді Джон Наймен. Ол Түркістан қаласының өзіндік стильде дамып жатқанын айтып өтті. Мәселен, батыс елдерінде рухани-мәдени туризм саласы жақсы дамыса, ислам әлемі киелі орындарды рухани туристік бағытқа айналдырған. Мәселен, арабтар Мекке мен Мәдина қаласын, Түркия Коньядағы Мәулана Руми кесенесін, Өзбекстан Әмір Темір мавзолейін осы бағытта дамытуда. Түркістандағы Ясауи кесенесі де осы рухани туризмге жатады. Рухаи туризмді біздің жұртшылық зиярат дейді.  Ал, шетелдіктер рухани туризмнен рахат табады. Осыған орай, алдағы уақытта Түркістанда рухани туризм қарқынды дамитын болады. 

Туристерге озық технология арқылы мәлімет беріледі
Анимациялық фильм арқылы туристерді тарту қолға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу