Қытай инвесторлары кірпіш зауытын салады

Oinet.kz 24-10-2022 229

16.jpg

Қытайлық «Jemchug Power» компаниясы Түркістан облысынына 10 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюға дайын. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Шетел инвестициялары тәулігіне 400 мыңға жуық кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы жобасын ұсынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық алпауыт компания өкілдерімен кездесіп, маңызды мәселенің мән - жайын талқылады. 

Өз кезегінде, облыс басшысы аталған жобаны «Түркістан» Арнайы экономикалық аймақтың аумағында және Ордабасы ауданындағы «Қазақ-Түрік» Индустриалды аймақта жүзеге асыруға шақырып, тиісті қолдаулар (инфрақұрылымға, мемлекеттік қолдауларға қол жетімді болу және т.б.) көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

Сонымен бірге, отырыста облыс төңірегінде бірқатар нысандардың салынуын және құрылыстың қарқындылығын ескере отырып, аталмыш зауыттың қажеттілігі айтылды. 

Бұл ретте, қытайлық инвесторлар зауытқа лайықты орындармен және шикізатты алатын жер қойнауларымен танысып, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді. 

Өз кезегінде аймақ басшысы жобаның жоспарлы түрде іске асуына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді. Яғни, нысандарды салуға арналған жер телімдерін бөлу және құжаттарын әзірлеп, онда тартылатын инфрақұрылым мәселелері толығымен әкімдік тарапынан жүзеге асырылатын болады.


Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады
Алматыға Түркістаннан керуен келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу