Мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады

Oinet.kz 24-10-2022 255

15.jpg

Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері салтанатты түрде Ант берді. Ант беру рәсіміне Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Әуелхан Тұрғымбеков қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі. 

– 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың Ант беру рәсімдері өткізілуде. Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол – ел сенімін ақтау, мемлекетке адал қызмет ету. Алған білімдеріңіз бен күш-қайраттарыңызды мемлекетіміздің, облысымыздың өсіп-өркендеуіне жұмсайды деп сенім білдіре отырып, жұмыстарыңызға, бастамаларыңызға табыс тілеймін, – деді Ә.Тұрғымбеков. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Медицина ардагерлеріне құрмет
Қытай инвесторлары кірпіш зауытын салады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу