Мәжіліс депутаттары Ордабасыдағы мектеп құрылыстарын аралады

Oinet.kz 23-08-2022 293

Screenshot_10.png

«AMANAT» партиясының Фракция мүшелері Қайнар Абасов пен Жұлдыз Сүлейменова партияның сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының орындалуын бақылау мақсатында Түркістан облысына арнайы іс-сапармен келді. 

Сапар барысында халық қалаулылары Ордабасы ауданында жаңадан салынып жатқан 4 мектеп ғимаратының құрылыс басына барды. 

Мұнда Аққойлы ауыл округінде 100 балаға, Қарааспан елді мекенінде 200 оқушыға арналған білім ұясы бой көтеріп жатса, Бадам ауыл округіне қарасты Дербес елді мекені мен Төрткөл ауыл округінде 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүруде. 

Білім ұяларының құрылыс жұмыстарымен Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов таныстырды.  «Қазіргі таңда аудан аумағындағы 4 елді мекенде мектеп ғимараттарының құрылысы жүруде. Барлық білім ұясына тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы. Қарааспан, Төрткүл, Аққойлы аувлдарындағы ғимараттардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Ал, Бадам ауыл округіне қарасты Дербес елді мекеніндегі 300 орындық мектепті "Корпорация АҚ ордасы" ЖШС мердігер мекемесі 2023 жылдың жаңа оқу жылына тәмамдайды деп күтілуде. Ағымдағы уақытта құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталған»,- деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы аумағында 120 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл өңірде 26 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік нысандар уақытылы ел игілініне берілуі тиіс
Ордабасыда 4 мектептің құрылысы жүруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу