Тарихи нысандарға бақылау жүргізді

Oinet.kz 25-08-2022 260

Screenshot_70.png

Түркістан облысында тарихтан сыр шертетін, киелі де қасиетті мекендер өте көп. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аңызға айналған жандардың кесенелерінің бір парасы сырлы Созақ ауданында шоғырланған. «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында «Мәдениеті мен тарихы бай аймақ» бағыты бойынша өлкетану экспедицияларын өткізу, киелі мекендерді абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Бүгін құрамында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Айтай, Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ғ.Елшібай, мәдениет басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Ж.Керімұлы, Қазақстан Жазушылар Одағы өңірлік филиалының төрағасы А.Сейдазым, мәдениет басқармасының бөлім басшысы М.Кенжетайұлы және бір топ қаламгер мен журналист енген арнайы экспедициялық топ бүгін Созақ ауданына барды. 

Ауданда қазақ даласы ғана емес, күллі түркі әлемі үшін қастерлі Ысқақ баб, Баба түкті шашты Әзіз және Қарабура әулиелердің кесенелері орналасқан. Алдымен экспедиция мүшелері кесенелердің ахуалымен танысып, киелі орындарға зиярат жасады. Мұнан соң Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтың қатысуымен жиын өткізіп, теріскей таланттары, жазушылар және журналистермен ой алмасты. Облыстық мәслихат депутаты Ғалымжан Қамытбекұлы тарихи мекенге зиярат етіп келушілердің қатары қалың екендігі қуантатындығын айта келе:

- Сан ғасырлық тарихы бар сакральді нысандарға  ерекше күтім керек. Айналасын абаттандырып, шама келгенше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген дұрыс. Еліміздегі бірқатар кесенелер жөндеуден өткізілгенімен, алдын-ала ғылыми-зерттеу жұмыстары өз деңгейінде атқарылмайтыны жасырын емес.  Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес алдағы уақытта бұл мәселе айрықша бақылауымызда болады ,- деді. 

Шара соңында аудан әкімі қонақтарға алғыс білдіріп, бір топ қаламгерді марапаттаса, Ғ.Елшібай Журналистер Одағы тарапынан Алғыс хаттар табыстады. Дөңгелек үстел басындағы жарқын жүздесу  өзара әңгіме-сұхбатқа ұласты. Зиялы қауыммен ортақ мақсатты көздеген мұндай сапарларды енді өзге де аудан-қалаларда жоспарлануда.


Жатақханаларға мониторинг жүргізілді
Балаларды қуантты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу