5 облыстық маңызы бар жол жөнделеді

Oinet.kz 23-08-2022 268

Screenshot_54.png

Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен ағымдағы жылы Созақ ауданында жалпы 146 шақырымды құрайтын 5 облыстық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, 63 шақырымды құрайтын 2 жол яғни, КХ-57 «Созақ-Қарақұр-Бақырлы» автомобиль жолының 0-30 шақырым және КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» 181-214 шқ автомобиль жолдары орташа жөндеуден өткізілуде.

Қазіргі таңда, мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары барысында жолдағы жарамсыз асфальт жабындысын бұзып (киркование), фрезалау, жолдың негізіне қалыңдығы 15 см (ГПС) құмды шағал-тас қоспасымен нығайту және 2 қабат асфальт жабындысын салу қарастырылған.   Жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес жалпы 22 шақырым жолға асфальтобетон жамылғысы төселді. 

Ал, қалған 83 шақырым жолдың яғни,  КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» 137-156 шақырым (19 шақырым), 156-181 шақырым (25 шақырым), КХ-56 «Жамбыл облысы шекарасы-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай-Р-31» 0-39 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Мердігер мекемелер анықталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Нысандар 2023 жылға өтпелі.

Жол қаланың күретамыры сияқты. Адам ағзасындағы тамырмен қан қалай еркін айналса, сол секілді қозғалыс еркін жүретіндей етіп жолды да кеңейтіп отыру керек. Себебі, көлік қозғалысы қиындаса облыс тіршілігінің ырғағы да,  экономикасының негізі де тұралап қалады. 

Ұлы Жібек жолының бойынша орналасқан Түркістан өңірі бүгінде көрші Өзбекстан мен республиканың бірнеше облыстарымен жалғанып жатқан  ірі облыс.  Сондықтан  облыстың логистикалық әлеуетін арттыратын күре жолдардың мәселесі күн тәртібінен түспек емес. 

«Келтемашат-Дәубаба» автомобиль жолы жөнделуде
Састөбенің жолы жөнделді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу