Елді біріктіретін жоба

Oinet.kz 24-08-2022 326

Screenshot_49.png

Түркістан өңіріндегі этнос өкілдері «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы аясында Түркістан қаласындағы тарихи-мемориалдық мұражайлармен танысты.  Іс-шараға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қатысушылар Н.Оңдасынов атындағы музейі мен Н.Төреқұлов атындағы музейіне экскурсия жасады. Бұдан соң, шаһардағы С.Ерубаев атындағы музей мен «Ұлы Дала Елі» орталығына барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

– Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында: «Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз» деген болатын. «Қазақтану» жобасы елімізде мекен ететін этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, өзіндік принциптерін дәріптеуге бағытталған. Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба. Бүгінгі шарада этнос өкілдері бірнеше музейге барып, білім көкжиегін кеңейтіп, көптеген тың деректерге қанық болды. Іс-шара болашақта да жалғасады, - деді «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Е. Баетов. Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, жалпы "Қазақтану"жобасының Қазақстан этностарының арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптейтіні белгілі. Сондай-ақ, этнос түріне қарамастан, қазақстандықтардың ортақ мәдени коды – біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи сана негізінде халықтың бірлігін нығайтуды көздейді.Бір сөзбен айтқанда, елді біріктіретін ұлттық бірегей жоба. 

Елді біріктіретін жоба
Қос өңірдің аналары пікір алмасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу