Ұлттық қолөнерді дәріптеді

Oinet.kz 23-08-2022 249

Screenshot_47.png

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 21 қазанда өткен Қазақстан Халқы Ассаамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында "Қазақстандағы тұрақтылық пен татулық, қоғамдағы ынтымақ пен теңдіктен, өзара сенім мен құрметтеуден бастау алады. Қастарлі Отанымызда түрлі мәдениеттердің үйлесім тапқаны - соның айқын көрінісі. Бұл - біртұтас ұлт болып ұйысуымыздың басты қағидаты әрі айнымас стратегиялық бағдарымыз" деп қадап айтқан болатын. Президенттің тапсырмасымен елімізде ұлтаралық татулықты сақтау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дамыту мақсатында бірқатар шаралар, жобалар қолға алынған.  Соның бірі «Қа­зақ­тану» жобасы. 

Баршамызға аян, қоғамды жаңғыртуға ықпал ететін дәс­түр­лер, ұлттық-мәдени тамыр­лар тарихтың іргетасында жа­тыр. Бұл дәстүрден шеттеп қал­­май, Қазақстан халқы ассам­блеясы өзінің рухы мен маз­мұны жағынан рухани жаң­ғырту идеясына сәйкес келе­тін ауқым­ды мәдени-ағартушылық «Қа­зақ­тану» жобасын көпші­лікке танытты. Жоба қазақ мәде­ниетін, тарихын, филосо­фия­сын, қазақ халқының құнды­лық­тарын насихаттауға бағыт­талған. Жобаның арқасында қазақстандық­тар тарихты терең ұғынып, қазақ халқының мәде­ниетімен, салт-дәстүрімен танысуда. Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты дамытуға, жал­пы­қазақстандық құндылық­тар мен қазақстандық патрио­тизмді қалыптастыруға және нығайтуға үлесті.

  Осы ретте  Түркістан қаласындағы «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында орналасқан «ArtClay» ұлттық шеберханасында «Қазақтану» жобасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Қыш-құмыра жасау – көнеден жеткен мұра» тақырыбында шеберлік сыныптары өткізілді.

Ұлттық өнерді ұлықтаған шараға өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. 

– Түркістан қаласы көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын этнос өкілдері арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау. Сонымен қатар аймақта туризмді дамытуға ықпал ету, бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде өрістету болатын. Шеберлік сыныптары ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, бірлігімізді бекемдей түсетіні анық, - деді «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Е. Баетов.

Шеберлік сыныптарын «ArtClay» ұлттық шеберханасының жетекшісі Айбек Шекербеков жүргізді. Саз-балшықтан түрлі пішіндегі құмыралар жасап сататын ол, бүгінде шағын шеберханасын да ашқан. Нәпақасын тауып, осы кәсіпті дамытуға күш салып жүр. Шебердің айтуынша, қолөнерге қажетті саз-балшық Сарыағаш ауданынан алынады, сосын Алматыда арнайы өңделіп, Түркістанға жеткізіледі.

Шара барысында Түркістандағы этникалық топтардың өкілдеріне қолөнер бұйымдары мен олардың жасалу жолдары таныстырылды. Кентау қаласынан келген шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі Асхаб Сайдуллаев қазақтың ұлттық дәстүрлі қолөнерін дәріптеуге ниетті екенін айтады.

– Өзім құрылыс саласының маманы болғандықтан, қазақтың қолөнер бұйымдары маған таңсық емес. Ол жұмыстардан шабыт аламын. Бүгін қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибемді арттырып, бірнеше құмыраны өз қолыммен  жасадым. Түркістан облысы үшін туризм саласының орны ерекше. Ал туризм дамуы үшін қолөнеріміз де дамуы тиіс. Жаңарған Түркістанда ұлттық қолөнерді ілгерілетуге жағдай жасалғаны қуантады. Алдағы кезде де осылай түрлі алаңдарды ұсына отырып, бұл саланы жаңа деңгейге көтеруіміз керек, - дейді этномәдени бірлестік өкілі. 

Шара соңында қатысушылар қолөнер шеберіне алғысын айтып, естелік суретке түсті.

Мақтааралда биылдыққа 6 мектептің құрылысы жүргізілуде
Еңбек еткен жастарға қолдау көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу