Түлкібастықтар “Ауыл аманаты” жобасымен танысты

Oinet.kz 22-08-2022 538

Screenshot_1.jpg

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп 2023 жылы “Ауыл аманаты” жобасын іске қосады. Жоба аясында тек ауыл тұрғындары жеңілдетілген жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізеді. Ауыл шаруашылығы саласына 7 жыл, ал өзге де кәсіп түрлеріне 5 жылға 7,6 млн.теңге көлемінде несие беріледі. Кепілге жылжымайтын мүлік қабылданады. Елді мекендерде жыл соңына дейін скрининг, яғни талдау жүргізіліп, халықтың ұсыныстары топтастырылады. 

Осы және өзге де ақпараттармен бөлісу үшін жобаның арнайы жұмысшы тобы Түлкібас ауданының Азаттық және Т.Рысқұлов ауылдарында болды. Жергілікті тұрғындармен кездесулер барысында жан-жақты түсіндірме жүргізіп, пікірлеріне құлақ асты. Кәсіпті дамытуға байланысты кеңестерімен де бөлісті. Ауыл қариялары мұндай жаңалықты қуана қабылдады. Солардың бірі Азаттық ауылының тұрғыны, ақсақал Р.Расұлов.

- Ауданға келген топ мүшелері несие алудың жолдарын жақсылап түсіндіріп берді. Ауылымыздың азаматтарының қызығушылығы оянды. Бұл жоба болашақта халықтың жағдайын жақсартуға көмегі тиеді деп ойлаймын, - деді ол.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауылының тұрғындары да аталған бағдарламаның тиімділігі жоғары деген пікірлерін жеткізді.

- Еліміздің локомотиві - ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан осы салаға 7 жылға, жеңіл өнеркәсіпке 5 жылға 1,5 жылдық демалыспен 2,5 пайыздық несие беру бұрын-соңды болмаған. Осы жоба біздің ауданда да іске асса, жақсы жетістіктерге қол жеткіземіз, - дейді Н.Досымбек. 

Тұрғындар әкімге өтініштерін жеткізді
Билік пен бұқара арасындағы байланыс нығайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу