Билік пен бұқара арасындағы байланыс нығайып келеді

Oinet.kz 27-07-2022 333

Screenshot_2.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында, тұрғындармен тікелей қарым-қатынаста болу үшін Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев бекітілген кестеге сәйкес Сарапхана, Қарабау  ауылдық округі тұрғындарымен   кездесу өткізді. 

Кездесуге аудан басшысымен қатар   дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, округ тұрғындары қатысты.   Кездесу барысында округ тұрғындары аудан басшысы көшенің электр жарығы, жайылым жер, ауызсу, көгілдір отын, трансформатор ауыстыру,   сауалдарына аудан әкімі мен тиісті сала мамандары нақты жауаптар берді. 

Кездесуден кейін Арман Айдарұлы округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауда тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу, ауыз су, жол жөндеу,  жайылым жер мәселелерін көтерді.  Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныс пікірлер аяқсыз қалмайтындығын алға тартып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар берді. 

Аудан басшысы тұрғындарымен кездесуден соң, аталған ауыл округтеріндегі бірқатар жөндеу жұмыстары мен құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы ахуалды бағамдап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы, әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер жасап, мекеме басшыларына тапсырмалар берді.

Алдымен,  Сарапхана ауылдық округі, Майлыошақ елді мекеніндегі  300 орындық «А. Байтұрсынов» атындағы ЖОМ құрылысы, Талдыбұлақ елді мекені  "KXKZ-15 KX-29 "Шарапхана-Жаңабазар-1Мамыр" аудандық маңызы бар автомобиль жолын орта жөндеу жұмыстарын аралап көрді.    Содан соң, Жіңішке елді мекеніндегі Бірлік  көшесін жөндеу жұмыс барысымен танысты.  Аталған елді мекендегі Қонаев көшесінің ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу жұмысында бақылады. Қарабау ауыл округіне қарасты Жұмысшы елді мекені Т. Ержанов көшесін орта жөндеу, Қазығұрт ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-47 «Сынтас-Қаржан» автожолының орташа жөндеу жұмыстарын көріп,  Ұшбұлақ елді мекеніндегі су ұңғымасын қоршау, трансформатор орнату, су құбырын жүргізу жұмыстарын бағамдады. Сонымен қатар, Үшбұлақ елді мекені тұрғындарының демеушілігімен ауылды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен танысты. 

Түлкібастықтар “Ауыл аманаты” жобасымен танысты
Бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар ордабасылық ер адам қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу