Тұрғындар әкімге өтініштерін жеткізді
Қазығұрт ауданы әкімі Арман Абдуллаев Қ. Әбдалиев, Шанақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру аясында өткен кездесу ашық аспан астында, еркін форматта өтті. Кездесудің алдында Қ.Әбдалиев және Шанақ ауыл округтеріндегі ауыз су, 200 орындық меткептің және мәдениет сарайының құрылысымен сондай-ақ, газ құбырларының құрылыс нысандарын аралады. Алдымен аудан әкімі Еңбекші елді мекеніндегі 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Содан соң Амангелді елді мекенінде салынып жатқан 150 орындық «Амангелді» мектебінің құрлысымен бірге су құбырын тарту жұмыстарын аралап шықты. Келесі нысан шалғайдағы Қызылдала елді мекеніндегі электр жарығын тарту құрылыс жұмыстарын қадағалады. Аудан әкімі Арман Айдарұлы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстарды саралай отырып, мердігерлер мен жауапты бөлім басшыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Жаңа форматта, ашық аспан астында өткен кездесу кезінде ауыл тұрғындары аудан басшысымен тілдесіп, сауалдарын қойды. Аудан әкімі Арман Айдарұлы бүгін өздеріңізбен жүздесіп, ауылдағы көкейкесті мәселелерді бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру үшін кездесуге келіп отырмын деді аудан басшысы. Ауылдағы өзекті мәселелерді тыңдап тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өз кезегінде, тұрғындар алаңдатқан маңызды мәселелерді қозғап, тиісті өз сауалдарын жолдады. Тұрғындар тарапынан жер, ауыз су, келес өзенінің су арнасын түзету, үлкен келес магистралды каналының жан жағын қоршау мәселелері қозғалды. Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заңды түрде жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, алдағы уақытта тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берді.
Сөз соңында тапсырмалардың орындалуын жіті бақылауында ұстайтынын жеткізді.