Тамшылатын суару - тиімді әдіс

Oinet.kz 01-08-2022 304

Screenshot_12.png

Сайрам ауданда Қарабұлақ ауылдық округінің шаруа қожалықтары көкөніс егу және өнім алу жағынан көш бастап отырады. Аталған ауылдағы «Қадиркул ата» шаруа қожалығы соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісін тиімді қолданады. Соның арқасында жыл сайын өнім көлемі артып, өнімдері түрленуде.  

Аудан әкімі Ұ.Сәдібеков қарабұлақтық Усманов Мухаммаджан Каримкулович отбасымен бірге жүргізіп отырған шаруашылығымен танысты.  2011 жылдан бастап шаруа қожалығының басшысы  көкөніс егу жұмысымен айналысып келеді. 

 М.Усмановтың ұлы Рустамның айтуынша, шаруа қожалығында екі өнім алынады. Шаруашылықтың жер көлемі 0,40 гектар аумағын құрайды. Жеріне бірінші айналымында картоп егіп, 15 тоннаға жуық өнімге қол жеткізді. Екінші айналымында 0,15 гектарға аскөк және 0,25 гектар қияр егіліп, қазіргі таңда өнімі жинап терілуде. Осы екінші айналымында жалпы 10 тонна көлемінде қияр, 800 кг аскөк өнімдерін жинап алу жоспарлануда. Шаруашылықта 6 адам жұмыспен қамтылған. 

Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысын қолдап, тиісті басшыларға мемлекеттік қолдаулар бойынша қажетті көмек беру мүмкіндігін  қарастыруды тапсырды. 

Сондай-ақ аудан әкімі Қарабұлақ ауылындағы Далабазар көшесі бойындағы «Умар Ата» шаруа қожалығына тиесілі «Алма бау» жұмысымен танысты.  Шаруа қожалығын Розакулов Икрамжан Ирисбекович басқарады.  Бауға арналған жер көлемі 2,35 гектар. Қожалықтың басшысы  2009 жылы ашып, бүгінгі күнге дейін бау өсірумен айналысып келеді. Алманың жоғары сортты көшеттерін бауына еккен. Шаруашылықта жалпы 700 дана көшет отырғызылған. 

  Шаруа қожалығымен кездесу барысында аудан әкімі  бауды аралап, алма сорттарының ішінде голден түрінің өнімін көрді.  Бір ағаштан 4-5 түрлі сортты, түсті, дәмді алмалары піседі. Бауда жаз және күз маусымында пісетін жеміс ағаштары бар.  Кәсіпкер 5 адамды жұмыспен қамтыған.  Бір жылдық өнім көлемі  60-70 тонна көлемінде облыс аумағына және өзге де өңірлерге шығарылады.  

 Аудан әкімі шаруашылықтың жұмысына ризашылығын айтып, еңбектеріне табыс тіледі. Сонымен қатар, тиісті сала басшысына бау шаруашылығына жетілдіру үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің мүмкіншілігін қарастыруды тапсырды.  

Айта кетелік, аудан аумағында алма бау өсіру шаруашылығы жақсы дамыған. Алманың «Золотой Превосход», «Семеренко», «Бес жұлдыз», «Кандил», «Мельба», «Старкрипсон» және жергілікті сорттар егіледі. Қарқынды бауларда  Түркия, Италия және басқа шет елдерде шығарылған сорттар әкеліп, егілген. Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты алма жемісі мол болады деп күтілуде. 


Жекеменшік мектептердің саны артып келеді
Тұрғындар әкімге өтініштерін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу