Партия мәселені жылдам шешті

Oinet.kz 02-08-2022 321

Screenshot_34.jpg

Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерусіз қалдырмай, шешілуіне ықпал етіп келеді. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде халық қалаулылары қаңтар-шілде аралығында 900-ге жуық қабылдау жүргізіп, 2730-дан астам азаматтың мәселесін қарады.

Оң шешілген талап-тілектердің қатарында: қаржылай көмек, азық-түлікке мұқтаждық, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығын қолдау және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту мәселелері бар.

Солардың бірі Отырар ауданы, Қарғалы ауылы шаруаларының мәселесі. Былтыр су тапшылығы салдарынан жергілікті шаруаларға су сорғысын іске қосу қажеттігі туындаған.  Олар тиісті электр қуатын «Энергопоток» ЖШС-мен келісімшарт жасау арқылы өндіреді. Алайда, шаруалар төлемақыны толық өтей алмай, мекемеге 5 млн. теңге жуық көлемінде берешек болады. Осы мәселе «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында көтерілді.  Аудандық мәслихат депутаты Төребек Дайрабаев егіншілердің өтінішін зерделеп, нәтижесінде 1 млн.теңге берешек қарызды төлеуге демеушілік жасады.

Сондай-ақ партияның Келес аудандық филиалында облыстық мәслихат депутаты Р.Шерімов өткізген қоғамдық қабылдауға Ш.Жорабекова баласының еміне қажетті қаражатқа қолдау көрсету бойынша өтініш білдірген. Тұрғынның мәселесі «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қаралды. Нәтижесінде облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Р.Шерімов азаматшаға қаржылай көмек көрсетті.

Ал, партияның Бәйдібек аудандық филиалында Г.Айтымбетова ұлының оқу ақысын өтей алмай жүргенін айтып, қол ұшын созуды сұраған. Аудандық мәслихат хатшысы Асқар Оразханұлының қоғамдық қабылдауына жазылған азаматшаның мәселесі қанағаттандырылып, қажетті қаржылай көмек берілді. Мәселелерінің оңтайлы шешілуіне табуға ықпал еткен партия филиалдары мен халық қалаулыларына азаматтар өз алғыстарын жеткізді.

Атап өтсек, биыл жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 10 950-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Оның 5860-қа жуығы оң шешімін тапса, 4936 өтінішке заң аясында кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын агтс іске қосылды
Тұрғындарды инфрақұрылым мәселесі алаңдатады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу