Теріскейлік делегация арыстықтармен кездесті

Oinet.kz 01-08-2022 207

Screenshot_32.jpg

Абай және Павлодар облыстарында бірқатар сала мамандары тапшы. Атап айтқанда, география және математика пәндерінің мұғалімдері, дәнекерлеуші, электромонтер, тракторист-машинист мамандарына сұраныс көп. Осы ретте аталған аймақтың делегаттары «AMANAT» партиясының Арыс қалалық филиалында қала және оған қарасты елді мекен тұрғындарымен арнайы үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесуге солтүстікке қоныс аударуға ниетті 30-ға жуық тұрғын қатысты.

Жиында делегация мүшелері “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін, көшуге ниетті азаматтарға берілетін көрсетілетін көмек түрлері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Насихаттық топ құрамында Павлодар облысы жұмыспен қамту басқармасы басшысының орынбасары – Гаухар Байтілесова, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы – Мағупура Омарова, Май ауданы әкімінің орынбасары – Серік Сұлтанов, Абай облысы, Бесқарағай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры – Алуа Құрманғалиева бар.

Делегаттардың айтуынша, оңтүстіктен-солтүстікке қоныс аударушы отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК төленеді. Яғни, жан басына 214 мың теңге. Оған қоса бір жыл бойы тұрғын үй жалдау субсидиясы мен коммуналдық төлемдер де мемлекет тарапынан өтеледі. Сондай-ақ қалалық жерге қоныстанушылар үшін 1 адамға 61 260 теңге, отбасы мүшелерінің саны 2-4 аралығында болса 76 575 теңге, отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 91 890 теңге беріледі.

2022 жылы бағдарламаға 6424 квота бөлінген. Биылғы жылдың мамыр айындағы көрсеткіш бойынша 122 отбасы теріскейлік атанып үлгерді. Былтыр көшкен азаматтарға мал және егін шаруашылығымен айналысуға 5-7 мың гектардан астам жер беріліп, азаматтар кәсіптерін жүргізуде. 93%-ы жұмыспен қамтылып, 1294 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қазір теріскейде түркістандық 397 тұрғын өз кәсібін ашып, дөңгелетіп отыр.

Жол карта аясында егіс алқаптарының ауқымы кеңейген
Сауранда 7 ауылды газбен қамтитын агтс іске қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу