Бір топ азаматтың өтініші қабылдау сәтінде шешілді

Oinet.kz 08-08-2022 288

Screenshot_20.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына мемлекет пен қоғамды түбегейлі жаңарту үдерісі басталғанын айтты. Президенттің пікірінше, «Аmаnаt» осы жүйелі өзгерістерге белсене атсалысып келеді. Сонымен қатар партияның қолға алынған реформаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға қосып жатқан үлесіне тоқталды.

– «Аmаnаt» әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән береді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекемдеу – ұйымның айрықша миссиясының бірі. Өткен съезде партияға ребрендинг жасау қолға алынды. Сондай-ақ, оны институционалдық тұрғыдан жаңарту жұмысы басталды. Партия бұл міндеттерді орындауға дереу кірісіп кетті. Нақты нәтиже бар, өзгерістерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Осы қарқынды бәсеңдетпей, жұмысты одан әрі жалғастыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

Түркістан облыстық мәслихат депутаты Тимур Қырықбаев «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды арыз-өтініштері бойынша тыңдады. Жиынға аудандық жауапты бөлім басшылары және қала әкімдігінің мамандары да қатысып, 10-ға жуық азаматтың мәселесін қарады. Бірқатары кездесу барысында оң шешімін тапты.

Солардың бірі, өрт салдарынан жарамсыз күйге енген қала тұрғынының өтініші. Ж.Оңалбекова тұрғын үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек сұрай келді. Өртенген баспанада қазіргі таңда электр қуаты  жоқ. Тұрмыстық тіршілікте мұнан да өзге қиындықтарға тап болған отбасы шарасыз халде. Депутат қабылдаудан соң Ж.Оңалбекованың мәселесін зерделеу мақсатында арнайы үйіне барып, жағдаймен танысты.

Нәтижесінде, аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жуық арада электр жүйелері жаңартылатын болды. Сондай-ақ қала әкімдігі мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмекке қол жеткізуге тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады. Т.Қырықбаев қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге уәде етті.

Жылы су ауылдық округінің тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат А.Құланның да өтініші қабылдау барысында орындалды. Ол «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты.

Аталған ауылдың тұрғыны Ж.Жүнісбекова медициналық көмек және тұрғын үйге байланысты талап-тілегін жеткізді. Өтінішін тыңдай келе депутат құжаттарды жинақтап, денсаулық порталына тіркелуге ықпал ететінін айтты. Тұрғын үй кезегіндегі нөмірі анықталып, кезек келген бойда баспана кілті табысталатыны түсіндірілді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары әлеуметтік мәселелермен де жүгінді. Г.Жаппаровада АӘК алуда кедергілер туындап, көмекке қол жеткізе алмаған. Мамандар мәселені анықтап, тиісті құжаттар толық тапсырылмағанын және қайта рәсімдеуге атсалысатындарын мәлімдеді. Ал, көпбалалы әрі мүмкіндігі шектеулі екі бала тәрбиелеп отырған А.Қасымбекова тұрғын үйінің құрылысын аяқтауға көмек сұрады. Халық қалаулысы өтінішті орындау үшін демеушілер қарастырылатынын хабарлады.

«Ауыл аманаты» партиялық жобасымен арнайы топ Түркістанға келді
Депутат қиын жағдайдағы азаматқа қол ұшын созды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу