Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындарымен кездесулер өтеді

Oinet.kz 11-08-2022 283

Screenshot_17.jpg

Биыл маусым айында «Жер Аманаты» комиссиясының жұмысы Түркістан облысынан басталып, комиссия төрағасы Д.Кәрібектің ұсынысымен өңірлік комиссия құрылған болатын. Жайылым жер көлемін 1 млн. 120 мың гектарға ұлғайту жоспары әзірленіп, жұмыстар екі бағытта жүргізілуде. Бүгінге дейін партияның ықпалымен 325 мың гектар жайылым жер қайтарылды. Оның 267 мың гектары ірі жер иелерімен меморандум арқылы, ал қалған 58 мың гектар жайылым құзырлы органдар арқылы мемлекет меншігіне қайтарылды.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов облыстық филиалдардың Атқарушы хатшыларымен бейнебайланыс арқылы жиын өткізді. Онлайн отырысқа қатысқан Түркістан облыстық филиалдың Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

- «Ауыл Аманаты» партиялық жобасы аясында өткен 3 күндік кәсіпкерлік семинарға өңірдегі 181 ауылдық округтің басшылары қатысты. Бүгінде партиялық жоба аясында құрылған ақпараттық-насихат тобының облысымызға келуі күтілуде. Олар жоспарға сәйкес 11-19 тамыз аралығында әр ауданнан 2 ауылды қоса есептегенде, жалпы саны 32 ауылда тұрғындармен кездесетін болады,-деді Б.Дәулетұлы.

Сондай-ақ ол, Атқарушы хатшының Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары барысында атқаруға міндеттеген тапсырмалардың барысы жайлы мәлімдеді. Солардың бірі Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы көшелерге асфальт жол төселуі. Бүгінгі таңда мердігер компаниялар анықталған. Жоба құны - 106 млн теңгені құрайды. Ал, аталған елді мекендегі жалпы ұзындығы 2,6 км-ды құрайтын көшелерді жарықтандыру үшін 56 млн 365 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 

Түркістан облысы аумағында мобильді қоғамдық қабылдаулар аймақтың 53 шалғай елді мекенінде өткізілді. Жауапты сала мамандарына жалпы 798 өтініш келіп түсіп, оның 40%-ы, яғни 321-і оң шешімін тапқан. Ал 458 өтініш иесіне заң аясында түсіндірмелер берілді.  А.Раздықұлы аймақтық партия филиалдарының атқарған жұмыстары бойынша баяндамаларын тыңдай келе, бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

Партияның арқасында тұрғынның мәселесі оң шешілді
Бәйдібектегі Ағыбет ауылында спорт кешені салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу