Кентау халқы «Ауыл аманаты» жобасын оң бағалады
«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Кентау қаласында жалғасты. Қарнақ және Хантағы ауылдарындағы кездесулерге келген тұрғындарға жобаның мақсаты таныстырылды.
Насихат жұмыстарын жоба сарапшылары Гүлмира Багжаева, Жандос Әзімбаев, Ұланбек Нұрланов және Нұрлан Дулатов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева жүргізді. Сондай-ақ тұрғындармен кездесуге ауыл әкімдері қатысты.
2019 жылы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде бастау алған бағдарлама оң нәтижесін беріп, ішкі өнім көбейген. Сарапшылар шетелдік тәжірибелер қолданылып, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында даму байқалғанын Осыған орай аталған жоба енді республикалық деңгейде 2023 жылы іске қосылады. Бағдарлама ауыл тұрғындарына арналғандықтан ақпараттық марафон шалғай ауылдық округтерде өтуде.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарды қызықтырған сауалдардың бірі - жобаға қатысушы үміткерлердің несие тарихының ескерілу не ескерілмеуі жайында болды. Бизнес-тренерлердің айтуынша тек соңғы 1 жылдық көрсеткіш есепке алынады. Сондай-ақ соңғы 60 күнде кешіктіру жағдайы орын алмауы керек.
- Ауылдарда скрининг яғни сауалнама жүргізу арқылы әр елді мекеннің кәсіптік бағытын айқындалады. Сол арқылы “Ауылда қандай кәсіпті қолға алу керек?” деген сауалға жауап алып, бизнес-жоспар немесе кооперативтер құруға болады. Бұрынғы жобалармен салыстырғанда қазір кооператив құру оңтайландырылған. Мәселен, барлық адам бір кооперативке жауапты болса, қазіргі уақытта жауапкершілікті әркім өзіне алады. Дегенмен бірлесіп жұмыс істеу арқылы табысты арттыруға әбден мүмкіндік бар, - деді бизнес-тренер Нұрлан Дулатов.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бекітілген «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы» аясында азаматтарға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер беріліп отыр. Ауылдағы жұмыссыздық, несие және субсидия алуға қатысты кедергілер тұрмыс сапасын төмендететіні анық. Сол себепті аталған партиялық жоба экономиканы дамытуды көздейді.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында мобильді топ жергілікті тұрғындар, шаруалар және кәсіпкерлерге ақпараттарды ұсынып, қызу талқыланды. Сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, сарапшылар өз кеңестерімен бөлісуге дайын екендерін жеткізді. Ал ауыл халқы партияның бастамасын қолдайтындарын білдірді.