Достықта жаңа мектеп салынуда

Oinet.kz 28-07-2022 530

Screenshot_19.png

Президенттің наурыздағы  "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы"  жарлығына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Алдымен аудан басшысы алдыңғы кездесуде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып, содан кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындардың басым бөлігі жол белгілерін орнату, жолдарға асфальт салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, таза ауыз су және электрмен қамтамасыз ету туралы өтініштері мен пікірлерін айтты.

Өз кезегінде, аудан басшысы Достық елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде, жобалық сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылатын мәлімдеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Достық елді мекеніндегі Тәйтелі ата көшесін орташа жөндеуден өткізіу мақсатында  бюджеттен қаржы бөлініп, бүігінгі таңда жеңімпаз мердігер мекеме анықталды, алдағы уақытта асфальт төсеу жұмыстары басталатын болады.

Сондай-ақ, Достық елді мекеніндегі қолданыстағы №59 жалпы орта мектебі аппаттық жағдайда болуына байланысты, жаңа 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жоғарғы Санат Құрылыс» ЖШС-нің құрылысшылары тарапынан жүргізілуде. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа оқу жылына тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілу жоспарлануда.

Кездесуден кейін, аудан басшысы ауыл тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері бойынша өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын қабылдау барысында ауылдық округ әкімі мен тиісті мекеме басшыларына өтінішті назарға алып, заңға сәйкес оң шешуді тапсырды.

Кәсіпкер атануға мүмкіндік көп
Жол сапасын тексерді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу