Абайлықтарға жер телімдері беріледі

Oinet.kz 16-07-2022 205

Screenshot_12.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурыздағы "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлығында "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" дей келе, аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс деп нақты тапсырма берген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Абай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Еркін форматта өткен кездесуде аудан басшысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында биыл 96 гектар жерге инфрақұрылым жүйелері тартылып, кезекте тұрған азаматтарға жер телімдері берілетінін мәлімдеді. Тұрғындар жер учаскесіне кезекке сәйкес ағымдағы жылдың тамыз, қыркүйек айларында қол жеткізбек. Одан бөлек жаз мезгілінде ауыз су жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында Абай ТСЖ насос станциясынан ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде.  

Аудан басшысы кездесу барысында аудан көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, басым бөлікті сұрақ-жауап форматына арнады. Тұрғындар учаскелік жер беру, ауыз су тапшылығы мәселесінен бөлек, кейіннен Абай ауылына қосылған көшелердің инфрақұрылымдары мен жер мәселелері төңірегіндегі сауалдарын аудан әкіміне жолдады. Өз кезегінде аудан басшысы қойылған сұрақтарға жеке-жеке жауап беріп, мәселелердің шешілу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

Кездесу соңы жеке мәселелер бойынша келген тұрғындарды қабылдаумен жалғасып, қойылған сауалдарға толыққанды жауаптар берілді. Шешілуі күрмеулі мәселелер бақылауға алынып, тиісті жұмыстарды жүргізіп, нәтижесін баяндауға тапсырмалар берілді. 

15 мың гектар жер жайылымға беріледі
Арыста демалыс аймағы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу