15 мың гектар жер жайылымға беріледі

Oinet.kz 16-07-2022 197

Screenshot_11.png

Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай ауылдық округінің Бозай елді мекені жыл соңына дейін таза ауыз сумен қамтылады. Өткен жылы бастау алған жұмыстарды «Baratco» ЖШС-гі жүргізуде. Қазіргі таңда 726 метр тереңдікте ұнғыма қазылып, 27 м3/сағ су шығып, 24,2 шақырым су құбырлары орнатылды. Жалпы су құбырын ұзындығы 26,172 шақырымды  құрайды. Құрылыс монтаж жұмыстары аяқталған соң 1 772 халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бозай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Кездесу еркін форматта, тұрғындардың бірінші жарты жылдықта көтерген мәселелеріне жауап беру бағытында өтті. Бұдан бұрынғы кездесуде айтылған Бозай ауылдық округінің Тентексай елді мекенімен Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округін байланыстырушы 8 шақырым жолына шағал тас төсеуге сметалық құжаттары әзірленген. Дегенмен 8 шақырым жолдың 6 шақырымы Сарыағаш ауданының аумағында болуына байланысты, Сарыағаш ауданының әкіміне Сарыағаш ауданы тарапынан шағал тас төсеуге ұсыныс берілді. Мәселені шешудің келесі жолы ретінде сол аумақтағы жерді Келес ауданының теңгеріміне ала отырып, толықтай шағал төсеуді Келес ауданы өз жауапкершілігіне алуды жоспарлап отыр. Мәселе аудан әкімінің бақылауында, биыл шағал төселетін болады.  

Еліміздегі жайылымдық жерлердің 40 пайызға жуығы ғана мал шаруашылығы үшін пайдаланылады. Ал қалған 60 пайызы бос жатыр. 

Бозайлықтар ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда жүр. Соның ішінде мал шаруашалығымен айналысатын шарулардың қарасы басым. Мал шаруашылығын дамытамын деген шаруада жайылым жер мәселесі өзектілігін жоғалтпаған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың маңыздылығына ерекше назар аударып: "Жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Жайылымның 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда, оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын»,- деп тапсырма жүктеген болатын. 

Аудан басшысының бозайлықтармен алдынғы кездесуінде осы мәселе көтерілген болатын. Жолдау жүктеген тапсырмаға сәйкес тұрғындар мәселесін шешуде өткен 3 ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылған. Жайылым жер телімдерін ортақ пайдалануға енгізу жұмыстары бойынша Бозай ауылдық округі аумағынан 1 375 гектар жайылым жер учаскесіне оң қортынды беріліп, жерге орналастыру жобасы істелінді. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің қаулысы дайындалуда. Сонымен қатар 15 000 гектар жайылым жер пайдаланушы жеке және заңды тұлғалармен үш жақтама келісім шарт жасау жұмыстары жүруде. 

Жалпы кездесу барысында тұрғындар жаңа мектеп құрылысы, жол жиегіне түнгі жарық шамдарымен аяқ жол салу мәселелерін көтерді. Айтылған мәселелер бақылауға алынып, хаттамалық тапсырма түзілді.  

Жамбылдықтардың мәселесі шешілуде
Абайлықтарға жер телімдері беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу