Бірліктің 4 ауылына газ беріледі

Oinet.kz 21-07-2022 408

Screenshot_6.png

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев Бірлік ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Аудан басшысы кездесу барысында ең алдымен  өткен кездесуде айтылған мәселелердің нәтижесімен бөлісті. 

Тұрғындар сұраған мәселенің бір ауылдық округке табиғи газ жүйесін тарту мәселесі болатын. Аталған бағытта біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ Бірлік ауылдық округіндегі  4 елді мекенге ішкі табиғи газ құбырларын тарту  және жеткізуші газ құбырын Абай АГРС-нен  тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірлену барысында ЖСҚ-ға техникалық шарт ұсынған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мекемесі тарапынан жобаның қосылу нүктесін Біртілек елді мекеніндегі «Абай» АГТС-не ауыстырып, техникалық шарт алуға ұсыныс берілді. Сонымен қатар жобаның авторлық қадағалаушы мекемені анықтауға мемлекетік сатып алу конкурсы жариялануда. Биылғы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары бастау алып, келесі жылға өтпелі болмақ. 

Елді мекен шегіне кірген жерлерге тұрғын үй және қосалқы  шаруашылығын жүргізу үшін инфрақұрылым жүйесін тарту бойынша көтерілген мәселе аясында  СЖТ құжаттарын әзірлеу үшін  электрондық жер кадастр картасына оңайлатылған жобаны  орналастырылатын болды. Нәтижесінде Бірлік ауылдық округінде 200-ден астам отбасы тұрғын үй және  өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесімен қамтылады. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді қабылдау барысында ауылдық округі әкімдігі жанынан құрылған қоғамдастық мүшелерінің пікірі ескерілетін болады. 

Кездесу барысында тұрғындар жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жүйелерінің сапасы жөнінде сұрақтар жолданып тиісті жауаптарын аудан басшысынан алды. Көтерілген мәселелер қатарында жайылым жер мәселесі де сөз болды. Келес ауданы бойынша мал басына шаққанда жайылымдық жер жетіспейді. Сондықтанда пайдаланбай жатқан жеке мақсаттағы жерлерді кері қайтарып ортақ жайылымға қосу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Бірлік ауылдық округі бойынша биылғы жылға 1500 га жуық жер елді мекендердің  ортақ жайылымына берілуі жоспарлануда. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 наурызда "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Онда "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" делінген. Жаңа құжат бойынша, аудан әкімі "әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу" өткізуі тиіс.

Жолдардың сапасы тексерілуде
Тұрғындардың өтініші жерде қалмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу