Қордаланған мәселелер шешімін табуда

Oinet.kz 25-07-2022 555

Screenshot_4.png

Өңірлік теңсіздік проблемасы бүкіл әлемде бар. Мұндай жайт Қазақстанға да тән. Сондықтан да елімізде өңірлер арасындағы айырмашылықты қысқарту үшін «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба әзірленген.«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының мақсаты - базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту әрі тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру. Ұлттық жобаны іске асырудың нәтижесінде негізгі қызметтермен, атап айтқанда сумен жабдықтаумен 100 пайыз және кәріз жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз ету есебінен өңірлер арасындағы өмір сүру сапасындағы айырмашылық қысқарады деп күтілуде.

Осы ретте Келес ауданында қордалаған мәселелерді шешу үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің халықпен кездесуінде көтерілген құрылысы тоқтап қалған инфрақұрылым мәселелері шешімін тапты. Газбен қамту, сапалы электрмен және ауыз сумен қамту секілді өзекті проблемалар қайта жанданды. Бұл туралы аппарат отырысында  Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудандағы өзекті мәселелер туралы баяндады. 

Атап айтқанда, Келес ауданындағы «Абай» АГТС-нің құрылыс-монтаж  жұмыстарын тамыз айының аяғында аяқтап, қабылдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2019 жылы бастау алған құрылыс араға уақыт салып, қайта жанданды. Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған жағдайда Абай ауылы, Қошқарата, Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінің елді мекендерін толық табиғи газбен қамтамасыз етуге «Абай» АГТС қуаты жететін болады. 

Облыстың оңтүстік аумағында орналасқан 5 ауданын (Келес, Сарыағаш, Мақтарал, Жетісай, Шардара) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 220/110/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы стансасының құрылысына 7,2 млрд. теңге және осы «Қызыләскер» қосалқы стансасынан екі 110 кВ электр желісін (91 км ЭЖ) салу құрылысына 1,8 млрд. теңге жоспарланған.  Облыс аумағындағы елдімекендерді сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етудің 2019-2022 жылдарға арналған іс шара жоспарына сәйкес 200-ге жуық ауылды сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарланған. 

2018 жылы 4 дана автотрансформатор орнатылып және Сарыағаш ауданында орналасқан Жылға ҚС-нан «Қызыләскер» ҚС дейін 72,2 шақырым электр желісі жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған. Осы нысанды қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге мамыр айында облыстық бюджеттен 188,5 млн. теңге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. «Қызыләскер» ҚС құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында аяқтап, қабылдау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде облыстың оңтүстік аймақтары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы нысандары тұрақты және сапалы электр энергиясымен қамтылады. 

Келес ауданында 468,6 млрд. теңгені құрайтын, аумағы 500 гектарға жуық жылыжай кешені салынады. Ол үшін 466 гектар жер бөлінбек. Сондай-ақ биыл «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС-і жалпы құны 25 млрд. теңгені құрайтын 27 га жер учаскесіне жылыжай кешенін салу жоспарлап отыр.

Келесте күн электр станциясы салынады
Жолдардың сапасы тексерілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу