Кентауда демалыс аймақтарын салу жоспарлануда

Oinet.kz 22-06-2022 376

Screenshot_23.png

Елімізде Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданғаны мәлім. Алдын ала болжам бойынша, бұл бағдарлама іске асырылған соң туристік саладағы ЖІӨ үлесі 8% жетеді деп күтілуде. Туризмді дамытуға бөлінетін инвестицияның көлемі жақын 7 жылда 2 трлн теңгені құрамақ, бұл 6 млрд доллар шамасында. Сондай-ақ 200 мың жұмыс орны құрылады, оның 72 мыңы тұрақты жұмыс болмақ. Нәтижесінде туристер саны жылына 7 ден 15 млн адамға дейін өспек.

Еліміздің туриз саласының дамуына Кентау қаласы да үлесін қосып келеді.  Кентау – табиғаты көк, ауасы жайлы, топырағы құнарлы, суы таза, ерекше келбетті Қаратаудың бауырайында жайғасқан қала. Түркістан облысы орталығына жақын орналасқан аймақ болғандықтан, Түркістан қаласына келген қонақтар, Кентауға да келетіні анық. Қала әкімі Рашид Аюпов қалада демалыс аймақтарын салуға инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. 

Сондай демалыс аймағын салуды жоспарлаған кентаулық жеке кәсіпкер қала басшысын өз жобасымен таныстырды. Құрылыс басына барған қала басшысы демалыс аймақтың алдағы іске асу жоспарын бақылады. Қаладағы «Қотыр бұлақ» деп аталатын аймақтан ашуды мақсат еткен кәсіпкер бүгінгі таңда қажетті деген үлкен құрылыстарын жүргізуде. Әлі де біршама жұмыстар барын айтып, Кентаудың келбетіне көрік қосар демалыс аймақтардың біріне айналып, туристерді қабылдайтын боламыз, дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, Кентау қаласына қарасты Хантағы, Ащысай ауылдарынанда демалыс аймақтар ашу жоспарланған. Ол бойынша бүгінгі таңда инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Кентау қаласының қара шаңырағы Ащысай ауылына санаторлы демалыс аймақтарын салу жоспарланған.

«Аgro Кentau» мобильді қосымшасын жүзеге асырылмақ
Кентауды дамыту төрт ірі аумақты қалыптастыру арқылы жүзеге асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу