Кентауда биыл 3848 адам жұмысқа орналаспақ

Oinet.kz 18-06-2022 218

Screenshot_20.png

Кентау қаласы әкімдігінде кезекті аппараттық жиын өтті. Жиналыс қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен, бөлім басшылары мен ауыл әкімдерінің қатысуымен өтті. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

Бірініші мәселе өңірге инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов  баяндама жасады. 2022 жылы Кентау қаласында 3,5 млрд теңгені құрайтын 5 жоба 154 жаңа жұмыс орны іске асырылуы жоспарланып, 1 жоба сәуір айында іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылған.

Екінші мәселе жұмыспен қамту  саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Халықты жұмыспен қамту КММ директорының орынбасары Жақсылық Қайдаулов  баяндап өтті. 

2022 жылға тұрақты және уақытша жұмыспен қамту шараларына 3848 жұмыссыз азаматы қамту салалық басқармамен жоспар бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес жыл басынан бері 1578 адам уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Атап айтқанда, Мемлекеттік грантқа- 173, Тұрақты жұмыс орындарына «Еңбек» - 760, әлеуметтік жұмыс орындарына – 183, Жастар практикасымен – 126,  алғашқы жұмыс орындарына -23 адам орналасқан. 

Сонымен қатар, жиналыс барысында қала әкімі тарапынан бөлім басшыларына бірқатар ескертулер жасалды.

Атап айтқанда, Инвестиция саласы бойынша екі апта көлемінде нақты қандай қолдаулар қажеттілігі барын, қандай мүмкіндіктер бар, қанша жұмыс орнын және қашан ашуға қауқарлымыз, несие алу шарттары, қай салада зауыт және кіші кәсіпкерлік нысандары ашылуы тиіс екені жайлы нақты ақпарат беру керектігі тапсырылды. Болашақта нақты қандай салаларда жұмысшы қажеті болатыны, оны қамтамасыз ету үшін қалада қандай жұмыстары атқарылуы тиіс, қандай бағдарлама енгізу және жастарды қолдау арқылы жағдайды түзету мүмкіндіктерін барын анықтауды тапсырды. 

Әлеуметтік желілерде парақша ашу арқылы халықпен кері байланыс орнату және ақпараттандыру - Президент тапсырмасы. Бір апта ішінде парақша ашып, халық алдындағы ақпараттандыру және кері байланыс орнату міндеті жүктелді.

Кентау қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады
Кеншілер қаласында 2025 жылға дейін 5 мектеп салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу