Кентау қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығында "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін" деп атап өткен болатын.
Президенттің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов кезекті тұрғындарды қабылдауын өткізді. Қабылдауда тұрғындар өздерін мазалаған жеке мәселелерін айтып, қала басшысына сауалдарын жолдады.
Қабылдау барысында қала әкімі тыңдалған әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді. Бұл қабылдаудың артықшылығы қала әкімінің қабылдауына алдын-ала жазылмаған тұрғындарда қатысып, мәселесін айта алады.
Ешқандай кедергілер келтірмеу үшін, еркін форматта өткізілуде. Бүгінгі қабылдауға тұрғындардың басым бөлігі үй, жер,су, жарық, әлеуметтік көмек бойынша сауалдарымен келген.
Айта кету керек осы уақытқа дейін қала басшысы 250-ден аса тұрғынды жеке мәселесімен белгіленген кесте бойынша қабылданған. Әр қабылдауда 30-дан аса азамат әкімнің жеке қабылдауында болады.
Сонымен қатар қала басшысы шаһардағы бірқатар жол құрылысы мен жөндеуді қажет ететін аймақтарды аралап шықты. Ең алдымен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірге қаладағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды бақылады. Онда аталмыш топқа жатқызылатын жандардың жүріп-тұруына кедергі келтіретін жерлерді анықтап, ретке келтіру бойынша сала басшысына тапсырма берді.
Сонымен қатар, қаладағы Яссауи даңғылы бойында жүргізіліп жатқан жамау жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінгі таңда, қаладағы 19 көше осы аталған құрылыс жұмысын қажет етеді. Бүгінгі күнге дейін 13 көше де жұмыстар атқарылған. Қалған көшелер ретімен қажетті құрылыстан өткізіледі.
Жол құрылысының жұмыс жүргізу жүйелігі үнемі бақылауда екенін атап өткен қала басшысы, сапасына назар салуды, құрылысты тиянақты атқаруды тапсырды.