Ақбұлақтықтар талап бар жерде тірлік бар екенін айтты

Oinet.kz 12-07-2022 784

Screenshot_12.jpg

Бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың наурыз айындағы әкімдерге қатысты Жарлығына сәйкес, Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты Ардагерлер саябағында тұрғындармен кездесті.

Кездесуде тұрғындардың ағымдағы жылдың І тоқсанында өткен кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Атап айтқанда, Ақбұлақ ауылындағы ең өзекті мәселелердің бірі мәдениет үйі. Облыс әкімінің назарына жеткізілген бұл мәселе қолдау тапты. Ауылдық мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысының жобалық құны 242,1 млн. теңгені құрайды. Аталған нысанның құрылысын бастау үшін «Ауыл - Ел бесігі» жобасы арқылы республикалық бюджеттен қаржы қарастырылуда. Қаржы мәселесі қолдау тапқан жағдайда, биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Келесі кезекте ауыл биі Р.Сабденовтің мектеп жанындағы жеке меншіктегі бұрынғы мектептің 0,80 га жер учаскесін бюджеттен қаржы қарастырып, мектепке қайтарып алу туралы айтқан мәселесі назарға алынды Білім беру мекемелері облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты болғандықтан, Қазақстан Республикасы Бюджет заңнамаларына сәйкес, мектепке қажетті жерді мәжбүрлі түрде сатып алуды облыстық салалық басқармамен жүргізіледі. Осыған сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен 26.05.2022 жылы  аталған жер учаскесін сатып алуға қаржы қарастыруға ұсыныс берілді.

Бұдан бөлек, Ә.Құрмантаев көшесіндегі «Бұлақ» демалыс аймағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттарды дайындап, ағымдағы жылы 97 млн. теңгені бюджеттен қарастыруды сұранған болатын. Аталған демалыс аймағының жер телімін Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне тұрақты пайдалану бойынша аудан әкімдігінің қаулысы  қабылданды. Қазақстан Республикасының  заңнама талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарын  рәсімдеп, 2023 жылғы бюджеттен қаржыландыру мәселесі көзделуде.

Ауыл тұрғыны Б.Мамыров ауылға жайылым жерді қайтару және ауыл арасынан өтетін ауыр жүк көліктерін жаңадан салынған жолда жүруіне тосқауыл қоюды сұранған болатын. Ақбұлақ ауылдық округінде 2021 жылы  127 гектар жайылымдық жер  ортақ пайдалануға табысталған. 2022 жылы Ақсу өзенінің  жағалауынан ауыл тұрғындары үшін ауданның арнайы жер қорындағы  24 гектар жайылымдық жер табысталуда.

Қазіргі таңда ауыл аумағынан ауыр жүк көліктерінің жол қозғалысы тоқтатылды. Ақбұлақ ауылындағы аудандық маңызы бар KXSR-2 «Ақбұлақ-Ақбастау» тас жолына кіретін екі жағынан ауыр жүк көліктеріне шектеу қою немесе жол белгілерін орнату үшін аудандық полиция басқармасының келісімі негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімі тарапынан конкурс өткізілуде.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, мектеп құрылысын салу, жайылым жер, ауыз сумен тұрақты қамту және өзге де салаларға қатысты сұрақтарын берді.

Аудан әкімі, әкім орынбасары Ш.Убайдуллаев және тиісті бөлім басшылары барлық сұрақтарға қатысты ақпараттарды берді.

Өз кезегінде Ұ.Сәдібекұлы: «Құрметті ауыл тұрғындары! Сіздермен тоқсан сайын ашық кездесулер өткізіледі. Көкейлеріңізде жүрген мәселелеріңіз ескерусіз қалмайды. Бірақта, айта кету керек, мәселелеріңіздің оң шешімін қарастыру үшін құжаттарды заңдастыруды, сонымен қатар қаржы көлемі мен уақытты талап етеді. Сала басшылары тарапынан өзекті мәселелер бақылауға алынып, зерделеу жүргізіле отырып, нақты жұмыстарды атқару міндетті түрде тапсырылады», - деп түсіндірді.

92 жасқа келген еңбек ардагері, ауылдың құрметті ақсақалы ақ батасын беріп, ауылдың игілігі үшін халықты бірлікке, ортақ іс-әрекет жасауға шақырды.

Кездесу соңында ауыл белсенділері аудан әкімінің атқарған жұмыстарына алғыстары мен тілектерін жеткізді.

Қарабұлақта онкүндік іс-шара қорытындыланды
​Аудан әкімі Ақбұлақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу