Сайрамда ауыл шаруашылығы саласында жетістік көп
Сайрам ауданында жеміс-жидек өндіру жақсы дамыған. Аудандағы 2126 гектар баудың 475 гектары қарқынды бау. Атап айтқанда, «DalaFruit. kz» ЖШС, «DalaFruit. kz» АШӨК, «Алмалы S» АШӨК, «Food production LTD» ЖШС және т.б. агроқұрылымдар.
Ауданда 2021 жылы 2126 гектар жеміс-жидек бауларынан орташа бір гектардан 83 центнерден өнім алынып, жалпы 17623 тонна өнім жиналған. Қарқынды баулардан алынатын өнімнің орташа түсімі гектарына 250-260 центнерді құрап отыр.
Ауданда алманың «Золотой Превосход», «Семеренко», «Бес жұлдыз», «Кандил», «Мельба», «Старкрипсон» және аудандық жергілікті сорттар егіледі.
Қарқынды бауларда егілетін сорттар Түркия, Италия және басқа шет елдерде шығарылған сорттар.
Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуына байланысты жеміс-жидек өнімі мол болады деп күтілуде. Жыл соңына қарай жалпы 30 мың тонна өнім алу жоспарлануда.
Осы күнге дейін алма, шие және алхорының ерте пісетін алманың «Мельба», «Белый налив», шиенің «Багратион», «Revna», алхорының «Богатырский», «Усурский» сорттарынан 4800 тонна өнім Нұрсұлтан, Қарағанды, Тараз, Қостанай, Павлодар, Түркістан және Шымкент қалаларының базарларында өтімді бағада сатылып жатыр.