Киелітас ауылдық округі әкімінің халықпен кездесуі жалғасуда
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Төребеков Киелітас ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.
Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022 жылдың 6-айында атқарылған және 2022 жылы атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу жаңа «сұрақ-жауап форматта жалғасын тапты.
Ауыл биі Валихан Маменов «Қыр» каналының бүлінген жерлерін қалпына келтіріп, ағын су жеткізу туралы;
Ауыл имамы Семетай Демеуов Достық дәрігерлік емханасындағы дәрігерлердің ауруларды қабылдаулары бір кабинетте емес жеке-жеке кабинетте қабылдау туралы;
Округтегі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Нұржан Қалқабаев егін орағы кезінде бос жүрген малдарға мал егелері қараса және егінге түскен мал егелеріне шара көру туралы пікірлерін білдірді.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға округ әкімі П.Төребеков жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланатынын және сауал иелеріне орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді. Кездесу біткен соң округ әкімі П.Төребеков ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.