Ынтымақта заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Oinet.kz 09-06-2022 352

Screenshot_5.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық және балалар спортымен айналысудың қолжетімділігін арттыру тапсырмасына сәйкес және «Балалар» жылы аясында Түлкібас ауданына қарасты Ынтымақ ауылынан демеуші есебінен заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

Игі шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Байғұт пен мәслихат хатшысы Сәдуахас Сейсенбаев демеуші болған жандарға аудан халқының және өз аттарынан алғыстарын білдіріп, ауыл жастарын жаңа спорт нысынымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жомарт жандарға ризашылықтарын жеткізді. 

Шалғай ауылдардың бірі саналатын Ынтымақ елді мекені аумағында ашылған заманауи спорт алаңшасы барлық стандарттарға сай. Онда воркаут аймағы мен заманауи кіші футбол алаңы бар. Түнгі уақытта жарықтандыратын шамдар мен орындықтар қарастырылған. 

Спорт алаңшасы аймақта бұқаралық спорттың дамуына және басқа да қайырымдылық шаралардың жүзеге асуына мұрындық болып жүрген Шерхан Мұртаза атындағы WAQF қайырымдылық қорының ұсынысымен «Састөбе Цемент» зауытының қаржысына салынған. 

Салтанатты шарада сөз сөйлеген «Састөбе Цемент» зауытының бас директоры Александр Бартенев ауыл тұрғындарын жаңа нысындарымен құттықтап, Састөбе кентінің жастары үшін жақсы жаңалығымен бөлісті. Кәсіпкер зауыт пен Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің арасында инженер мамандығына оқыту бойынша келісім түзілгенің айтып, алдағы уақытта кенттің осы салаға қызғушылық білдірген балаларын тегін оқытып және зауытқа жұмысқа орналасуына жағдай жасалатындығын жеткізді.  

Айта кетерлік, бұған дейін «Састөбе Цемент» зауытының басшылығы Макаренко атындағы мектеп интернатының тәрбиеленушілеріне түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, демеушілік жасап келген.  

Састөбе кентінің тұрғындарына жайлы жағдай жасалады
Түлкібаста «Шымкент-цемент» зауытының дүкені ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу