Шымкенттіктер қыста жаурамайды

Oinet.kz 24-09-2021 539

Screenshot_2.png

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен жұмыс жиынында қаланың жылу беру маусымына дайындығы қаралды. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков берген мәліметке сәйкес, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1945 көпқабатты тұрғын үйлердің 98 пайызы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары қазан айына дейін толық аяқталады.

"Қыс шанаңды жаз сайла" демекші әлеуметтік нысандардың дайындығы 99 пайызға жетті. Оларға қажетті 4,7 мың тонна көмір, 980 тонна сұйық отын толық тасымалданған.  Орталықтандырылған жылу қазандығына қосылмаған елдімекен тұрғындары жылыту маусымында 77,6 мың тонна көмірді қажет етеді. Қазіргі уақытта қоймада 62 мың тонна көмір бар. Қоймалардағы көмір қоры қатты отын қажеттілігінің 80 пайызын қамтиды.  Басқарма басшысы инфрақұрылымдық жүйелердің де дайындығын жекелей баяндады. «3-Энергоорталық» АҚ-ның негізгі және қосалқы қондырғыларының қысқы маусымға дайындығы 96%-ды құрайды. 12 қазандық пен 17 сорғы станцияларының дайындығы 100 пайыздық көрсткішке жеткен.  Жиын барысында қала әкімі жылу маусымына дайындық жұмыстарын тиянақты зерделеуге 10 қазанға дейін уақыт бар екендігін айтып, кемшіліктер болса тез арада реттеуді тапсырды.


«Даму» қаржыландырған жоба көп
Қалада агроэкономикалық аймақ құрылып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу