Жастармен жүздесті

Oinet.kz 17-09-2021 718

Screenshot_44.png

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қаратау аудандық жастар орталығында қала жастарымен еркін форматта кездесіп, сұхбат құрды. Іс-шара қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қаратау аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтті.

Кездесу барысында Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының өзекті мәселелері мен қызығушылықтары жайында еркін форматта сұхбат жүргізді.  

Іс-шараға әр саланың белсенді үздіктері, қаламызға белгілі жас кәсіпкер, жас режиссер, мұғалім, композитор, дизайнер, қолөнерші, биші, жас ақын, жас суретші, еріктілер, пікірсайысшылар, жалпы 20-ға жуық талантты жастар қатысып, белсенділік танытты. 

Кездесу барысында қала әкімінің бірінші орынбасары жеке өмірінен қызықты сәттермен бөлісіп, еңбек тәжірибесін айтып берді. Бүгінгі жастардың қызығушылықтары жайында пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді. "Қазір жастар саясатына қатысты заңдарға қажетті түзетулер енгізілуде. Енді жергілікті мемлекеттік органдарды бағалау көрсеткішіне «Жастардың даму индексі» қосылады. Бұл осы бағыттағы шаралардың тиімділігін арттырады",- дейді Шыңғыс Мұқан.

Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде өтетін болады. 


70 көше жыл соңына дейін қолданысқа беріледі
«Қазақстанда әркім маңызды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу