Солтүстік өңірде бос жұмыс орындары көп
Сарыағаш ауданы әкімдігі мен ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Құркелес және Тегісшіл ауылдық округтеріне Павлодар облысы Баянауыл және Успенка аудандарынан арнайы келген бір топ делегация өкілдері аудан тұрғындарына ерікті түрде Солтүстікке қоныс аудару бойынша агитациялық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, Павловар облысы Баянауыл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы М.Омарова, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округінің әкімі А.Ксентаев, Успен ауданы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Альпеисова сондай-ақ ауыл билері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында делегаттар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниетті азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, олар студент жастардың сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар жиналыс аяқталған соң жеке қабылдау ұйымдастырылып қабылдауға келген ауыл тұрғындары жұмыссыз, аса мұқтаж азаматтарға Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп, міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтік көмектер және өз ісімен айналысамын деушілерге, жеке кәсіпкерлерге жер, шағын несие тағы басқа барлық қолдаулар көмектер көрсетілетінін айтты.