Кәсіптің көзін тапқандар

Oinet.kz 26-08-2021 784

2.jpg

Мемлекеттің арнаулы бағдарламасының көмегімен жеңілдетілген несие алып, сол арқылы өзінің кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар аз емес. Мәселен солардың бірі Ордабасы ауданы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елдімекенінің тұрғыны Ұлжан Молдабаева жеке үй шаруашылығы секторында көкөністен 9 түрлі өнім консервілеуде. Күніне орташа есеппен 150-250 банкі жабатын кәсіпкерлік нысаны 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жеке кәсіпкер өзіне тиесілі 3 гектар жер теліміне консервілеуге қажетті көкөніс егіп, түскен өнімді кәдеге жаратуда. 

Өз қаржысымен кәсібін дөңгелеткен ауыл тұрғыны жылына 10 000-нан астам консерві дайындауда.

Ал Қажымұқан ауыл округіне қарасты Темірлан елді мекенінің тұрғыны Әлия Темірхан өз қаржысымен кіші кондитер цехын ашып, іске қосты. 

Жеке кәсіпкер 10 түрлі торт өнімдерімен қатар тапсырысқа байланысты барлық тәтті тағамдар пісірумен айналысуда. 

Бүгінде табысын еселей түскен жас маман өзімен бірге қосымша 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Яғни, шағын кәсіпкерлік ауылдағы халықтың әлеуметтік жағдайына да оң әсер етеді. Өз кәсібін ашамын дегендерге мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғаса береді.  


Батыршаев үйірмелер ашуды тапсырды
1728 азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу