Батыршаев үйірмелер ашуды тапсырды

Oinet.kz 27-08-2021 711

1.jpg

Ордабасыда  аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың төрағалығымен жаңа оқу маусымының басталуына орай кеңес отырысы өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауданға қарасты ауыл әкімдері мен білім бөлімінің басшылары қатысқан жиында офлайн форматта басталатын күзгі оқу жылының дайындық жұмыстарының есебі тыңдалды. 

Аудан басшысы жиын қатысушыларына қақпасы балаларға қайта ашылған білім беру мекемелеріндегі оқулық, мектеп киімі, қысқа дайындық, бейнебақылау құрылғылары, вакцина секілді жасөспірімдердің алаңсыз білім алуына қажетті шарт-жағдайдың толықтай жүзеге асырылуын пысықтады. 

Өскелең ұрпақтың біліммен қатар өнер мен спортқа деген қызығушылығын оятуды көздеген аудан әкімі білім бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева мен барлық ауылдық округ әкімдеріне мектеп қабырғасынан арнайы үйірмелер ашуды тапсырды. 

«Мектептерде салалық үйірмелер ашу арқылы біз жасөскіндердің бойындағы қызығушылықты оятамыз. Бүгінде жастарымыз көбінесе смартфонның жетегінде уақытын тиімді пайдалана алмауда. Алдағы уақытта мектеп жанынан ашылатын үйірмеде спорт пен өнердің сан түрімен айналысатын жеткіншектер күні ертең республикалық, әлемдік додаларда топ жарып жатса, ауылдың, елдің аты шығып, беделі биіктейді. Осы орайда барлық ауыл әкімдері мен мектеп директорлары бірлескен түрде аталған жобаны жүзеге асыруға шақырамын», - деді Бағлан Дәнебекұлы. 


Сарыағашта екпе салу қарқынды жүріп жатыр
Кәсіптің көзін тапқандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу