Құрылыстың сапасына мән беру қажет

Oinet.kz 26-08-2021 752

1.jpg

Бәйдібек  ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков тиісті сала басшыларымен Шаян ауылындағы абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын бақылады. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ержігіт Шәріпбекұлы абаттандыру бойынша құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беруді және баяу жүріп жатқанын сынға алды.  Сонымен қатар аудан әкімі мердігер мекемелердің басшыларына жұмыстарды ширатып, мерзімінде аяқтауды тапсырды. 

Жалпы биыл Бәйдібек ауданында абаттандыру, көгалдандыру бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынған. Жуырда аудан әкімнің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев, аудандық тұрғын үй коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысымен және тиісті мамандарымен аудан орталығындағы Б.Қарашаұлы көшесін аралап, аталған көшенің бойын көгалдандыру бойынша алдағы атқарылатын жұмыстарды пысықтады. 

Сонымен қатар аталған көшенің бойындағы жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының сапасын да бақылады. Жаңадан салынып жатқан жолдың жиегіндегі суағарлар мен қойылып жатқан бордюрлерді көріп шыққан Бағдатбек Пердебайұлы тиісті бөлім басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын қадағалауды тапсырды. Орын алып жатқан кемшіліктерді қалпына келтіру жөнінде қатаң ескерту жасады.


500 адамдық заманауи емхана салынады
Мәжіліс депутаттары Сарыағашта
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу