Түркістан облысының Бас имамы азаматтарды екпе салдыруға шақырды

Oinet.kz 02-08-2021 463

«Covid-19» індетінен құтылудың бірден бір жолы екпе салдыру. Вакцина қабылдауға шариғи тұрғыдан да ешқандай тыйым салынбаған. Сондықтан өңіріміздің барлық тұрғындарын аурудан түбегейлі арылудың төте жолын таңдап, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға шақырамыз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов мәлімдеді.

image.png

- «Қоғамда екпеге қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылып жүр. Тіпті дінде рұқсат етілмейді деген сияқты қауесеттерді де таратып жүргендер бар. Өңір тұрғындарын мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Осы мәселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасаған. Онда да мемлекет тарапынан халықтың денсаулығы үшін жүргізіліп жатқан вакцинациялау жұмысына немқұрайлы қарамай, өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығын ойлап, барлық жамағатты екпе салдыруға шақырған. Өзім де екпенің 1 компонентін салдырдым, ешқандай жайсыздық сезінген жоқпын. Вакцина қабылдаған азамат ретінде «екпе салдырғандардың жағдайы қиындап қалады екен» деген сыңайдағы сөздердің жалған екенін мәлімдеймін», – деді Е.Ыбрайымұлы.

Сондай-ақ, облыстың бас имамы өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мешітке жиналған қауым жұма намазын карантиндік талаптарды қатаң сақтай отырып, оқып жатқанын жеткізді. Яғни, құлшылық жасау кезінде барлық жандарға әлеуметтік арақашықтықты сақтап, медициналық бетперде мен антисептиктерді қолдану міндеттелген.

Түркістан: МӘМС қоры 4 мыңға жуық жұмыссыз жүкті әйелге уақытша статус берген
Түркістан облысында жаңа оқу жылында 70 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу