Туризмнің дамуына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы да үлес қосады

Oinet.kz 26-06-2021 458

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Жүздесу барысында қос тарап қоғамда қалыптасқан діни келісім мен ұлтаралық татулықты одан әрі нығайту, дін қызметкрелерінің білімі мен тәжірибесін шыңдау жайында өзара пікір алмасты.

image.png

Белгілі болғандай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосты. Бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін жаңа жоба шетелдегі және еліміздегі киелі орындарға зиярат, денсаулық, экотуризм бағыты бойынша тур ұйымдастырады.

Аталған жоба енді Түркістан өңірінде жүзеге асады. Бұл ретте имамдардың жетекшілігімен киелі орындарға арнайы турлар ұйымдастырылып, сапар барысында зиярат жасау мәдениеті мен әдебі түсіндіріліп, тиісті насихат жұмыстары жүргізілмек. Бұл ретте Түркістан қаласының туристік әлеуеті үлкен мүмкіндікке ие.

Әлемдік мұсылман қауымы арасында беделді Ислам ғұламаларының зиратына зиярат ету, қасиетті жерлерге зиярат жасау мәдениеті қалыптасып, мұсылман елдерінде зиярат туризм саласы жақсы дамығаны белгілі. Ыстамбұл-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі ашылғаны белгілі. Түркістан-Джидда әуе рейсін ашу туралы бастама Орта Азия елдері азаматтарын киелі Түркістан арқылы қажылық немесе ұмра сапарына жіберуге үлкен мүмкіндік туғызады.

Облыста 6 діни конфессияға енетін 30 жергілікті діни бірлестік пен 754 филиал жұмыс істейді. 752 мешіт бар. Еліміздегі әрбір үшінші мешіт Түркістан облысында орналасқан.

Түркістан облысына биыл 800 млрд. теңге инвестиция тартылады
Түркістанда «Darhan dala travel» кеңсесі ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу