«Қасқасу» тау шаңғысы курортында 5 мың жұмыс орны құрылады

Oinet.kz 24-06-2021 515

Түркістан облысында туризмді дамыту жайы күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жобалар қолға алынып, іске қосыла бастады.

image.png

Туризмді дамытуға қатысты жобалар тек Түркістанда ғана емес, облыс аумағындағы аудан, қалалаларда да айтарлықтай дамып келеді.

Өңірдің туристік әлеуетін дамыту мақсатында қолға алынған «Қасқасу» тау - шаңғы курортына инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.

- Ішкі және кіру туризмінің басым дамуын ескере отырып, 2025 жылы туристер ағыны мен келушілер санын 2 млн. адамға дейін арттыру жоспарлануда. Мысалы, «Қасқасу» тау-шаңғы жобасын Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында құру жоспарланған. Жоба туристік саланы дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50 нысанның тізіміне енгізілген, - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

2019 жылы жоба Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді. Жобаның сыртқы инженерлік-инфрақұрылым соммасы – 3,6 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «Қасқасу туристік-рекреациялық орталығын» салу жобасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде (Жобаны іске асыру кезеңі: 2021-2023 жылдар). Жоба жүзеге асырылғанда 5000-ға жуық жұмыс орнын құру күтілуде.

Түркістан аумағында ірі су нысандарының құрылыстары қолға алынды
Түркістан облысында бірнеше зауыт салынуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу