Инвестор есебінен Түркістанда 25 бригадаға арналған облыстық жедел жәрдем станциясы салынады
Түркістан облысының әкімдігі мен «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған облыстық жедел көмек станциясын салу туралы меморандумға қол қойды. Оның құрамына кардиологиялық, педиатриялық, реанимациялық-хирургиялық, неврологиялық, психиатриялық, токсикологиялық бригадалар болады. Жедел жәрдем станциясы жылына 70 000 шақырыруға шыға алады.
- Бұл жобаның мақсаты - Түркістан қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекен тұрғындарына уақытылы жедел медициналық көмек көрсету болып. Мұнда ересектер мен балаларға тәулік бойы тегін жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, - деді өз сөзінде Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.
Айта кетейік, жобаның технологиялық бөлігі әкімшілік-тұрмыстық корпусты, орталық зарарсыздандыру бөлімшесі ғимараты мен кір жуатын орынды, 25 арнайы медициналық көлікке арналған гараж бен бақылау-өткізу пунктін қарастырады. Жобаның технологиялық шешімдері нысанның қызметін, оның қауіпсіздігі мен барлық нормативтік талаптардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді.
Жедел жәрдем станциясының жалпы жер аумығы 2,2 гектарды құрайды. Тапсырыс беруші - Түркістан облысының құрылыс басқармасы. Жобаның жалпы құны - 1,483 млрд. теңге. Құрылыс бойынша бас мердігер «А-Спецстрой» ЖШС-гі. Жедел жәрдем станциясының нысаны 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.