Үшбуынды модель - Президент тапсырмасы
Шымкенттік прокурорлар қылмыстық істерді қарау мерзімін жеделдетті. Соңғы уақытта 3 буынды модельдің мүмкіндігі аясында қағазбастылықтан арылып, апталап жататын істердің зерделенуін жылдам қарауда. Пилоттық жобаның жай-жапсары М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен мәжілісте талқыланды.
Басқосуға құқық қорғау органдары, прокуратура және сот саласының қызметкерлері қатысты. Білім ордасының Заң факультетінде қазір жүздеген шәкірт тәлім алуда. Мамандардың айтуынша, Заңдағы жаңашылдықтар университет қабырғасында студенттерге жіті түсіндірілуі қажет. Бұған дейінгі модель жаһандық қылмыстық іс бойынша азаматтарға қатысты қабылданған шешімнің заңдылығы істің прокуратураға жолданғанынан кейін ғана тексерілді. Нәтижесінде құқықтары бұзылған азаматтар айлап қылмыстық қудалаудың жетегінде жүрді. Ал үш буынды модельдің енгізілуі осындай мәселені жоюда. Себебі, азаматтардың құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді прокурор келіспей олардың заңды күші болмайды. Бұл норма қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекске де енді. Қазір прокурор қылмыстық процесте азаматтардың болашақ тағдырына жауапты. Олардың құқықтарын қорғап, әділеттік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.
Еске салсақ, үш буынды модельді енгізу мәселесі Мемлекет Басшысының тапсырмасы. Бұл жүйе - прокуратура, полиция және сот арасындағы өкілеттіліктерді бір ізділікке түсіруге жасалған оңды қадам. Өз кезегінде прокурорлар да істі сотқа жолдаған сәтте емес, істің тіркелгенінен бастап, адамның құқықтарының бұзылуына жол бермеуіне тосқауыл қояды.