Келестік ардагерлер мен батыр аналар арнайы шақырумен Түркістанға келді

Oinet.kz 24-05-2021 803

Келес ауданының ардагерлері мен батыр аналары күн санап ғарыштап дамып, түрленіп келе жатқан Түркістан қаласына келді.

image.png

Қариялар ең алдымен күллі түркі жұртына танымал тұлға, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы әрі жүгінетін пірі болған Арыстанбаб кесенесіне зиярат жасады. Келестік бір топ ардагер Отырар қалашығында болып, тарихи – мәдени ескерткіштердің тарихымен танысты. Сапарларын жаңарған Түркістан шаһарында жалғастырып, Ясауи кесенесін, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін тамашалады. Мәдени – рухани орталық пен әкімшілік – іскерлік орталықта бой көтерген зәулім ғимараттарды аралап көрді.

Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көрген қариялар аз уақыт ішінде қаланың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгеріп кеткендігіне өздерінің таңданыстарын жасыра алмады.

- Келес ауданының әрбір ауылдық округінен осы Түркістан қаласын көруге келіп отырмыз. Біздің келуімізге аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер кеңесі барлық жағдайды жасаған. Бұл сапарымызды ешқашан ұмытпаймыз. Облысымыз жаңара берсін, көркейе берсін, - деп Келес ауданының тұрғыны Тасқара Мейірбеков өз ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, аталған шара облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің аудандарға жұмыс сапары барысында дәстүрге айналған ардагерлермен кездесуінде бастау алды. Түркістанның түрленуін тамашалауды көтерген қариялар ұсынысын аймақ басшысы қолдады. Бұл топқа өңірдің дамуына үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда еңбек еткен азаматтар кіреді. Сапарды карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, ұйымдастыруға аудан, қала басшылары жауапты.

Қазығұртта жылына 2 400 тонна ауыз су өндіретін цех іске қосылды
Шардаралық ардагерлер жаңарған Түркістанды тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу