Ковид келіншек дәрігерлердің көмегімен сау сәби босанды

Oinet.kz 14-04-2021 355

квд.jpg

Түркістан облысында  COVID-19  індетіне шалдыққан 20 жастағы жүкті  әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Дана Сүлейменова хабарлады.

Басқарманың дерегіне сүйенсек, пациент Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жүктіліктің 39 аптасында  ЖРВИ симптомдарымен амбулаторлық қабылдауға жеткізілген. Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Айы-күні толып, толғағы қысқан әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде білікті дәрігерлердің қатысуымен арнайы консилиум өткізілген.

Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Салмағы 3400 грамм болған нәрестеден бірден коронавирусқа сынама алынды. Анасынан оқшауландырылды. Текст қорытындысы нәрестенің бойынан  COVID-19 инфекциясының табылмағанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы.  Жеке бокста, дәрігерлердің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, былтыр өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туылған.  Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.


21 мыңнан астам тұрғын сапалы жарыққа қол жеткізеді
Түркістанның 3000 жылдығы жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу