Түркістан облысында вакцина салдырғандар 21 мыңға таяды
Түркістан облысында 20 мың 936 адам екпе қабылдады. Оның 13 мың 887-сі – медицина қызметкері, 5407-сі – педагог, 600-ге жуығы құқық қорғау органдары мен 500-ге жуығы әртүрлі топтағы азаматтар. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуір айында екпе салдыруға ниет білдіргендердің саны артқан. Қазір екпе қабылдағандар дәрігерлердің бақылауында.
Облыста 10 мыңға жуық тұрғын вакцина екінші компонентін салдырды. Еске сала өтсек, екпе салу түрлі санат бойынша кезегімен жүргізілуде. Инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары қаладағы 65 емдеу мекемесінде жүргізілуде. Бүгінгі таңда вакцина салдыру – коронавирус ауруының таралуын болдырмаудың бірден-бір жолы болып отыр. Вакцина тегін және ерікті түрде салынады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 13 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,28 ппайызды құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 600 мыңға жуық ПТР-сынамалары алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 3 мыңдай адам тексерілген. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 4598 жағдай тіркелді. Олардың 2933-інде ауру симптомсыз өткен болатын.
Айта кетейік, Түркістан облысы жасыл аймақта. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 130 млн-нан астам КВИ жағдайы тіркеліп отыр.