Түрікстан облысының волейболдан қыздар командасы құрылады

Oinet.kz 06-04-2021 562

воле.jpg

Түркістан облысында алғаш рет волейболдан әйелдер командасы жасақталады. Облыс басшылығы команда құрып, жас спортшыларды республикалық және халықаралық біріншіліктерге қатыстырып, биік белестерді бағындыруына барынша қолдау көрсетуді көздейді. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен волейбол федерациясы басшылығының қатысуымен өткен жиында мәлім болды.

Жиында Түркістан облысының аудандары, Шымкент пен Алматы қалалары және Алматы облысынан келген әлеуетті спортшы қыздарымен кездесіп, іріктеу өткізілді. Аталған іріктеу кезеңі сәуір айының соңына дейін жалғасатын болады.

– Мамыр айында біз өте мықты спортшы қыздардың волейбол командасын құрай алатынымызға сенімдімін. Алдағы уақытта біз жас спортшыларымыздың республикалық және халықаралық біріншіліктерге қатысып, биік белестерді бағындыруына барынша қолдау көрсететін боламыз, – деді волейбол федерациясының облысытағы филиалының жетекшісі Мейіржан Мырзалиев.

Облыс әкімінің орынбасары жиынға қатысушылар мен барлық жастарға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, елімізде волейбол спортын, оның ішінде әйелдер спорты деңгейін жоғарылатуға және дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.


Ковидке қарсы екпе салдырғандар саны 15 мыңға жуықтады
Апта сайын азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу