Түркістан облысында көшкісі келетіндерге көмектесетін кеңселер ашылады

Oinet.kz 31-03-2021 392

зум1.jpg

Алдағы айларда аудандық, қалалық «Жұмыспен қамту орталықтарында» «Еңбек» бағдарламасы арқылы еліміздің солтүстік облыстарына көшкісі келетін азаматтарға кеңес беретін бөлме ашу, отбасылардың көшіп-қонуына көмектесетін демеушілер табу және отбасылардың тізімін анықтау, ақпараттық жұмысты күшейту жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен Zoom жүйесі арқылы өткен жиында айтылды. Оған Түркістан, СҚО, ШҚО, Қостанай мен Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары мен жауапты өкілдері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиында Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов өңірде 1000-нан астам бос жұмыс орындары бар екенін мәлімдеді. Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Меруерт Есенбаева жұмысқа жарамды қоныстанушылардың 78 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылғанын айтты. Сонымен бірге Қостанай, ШҚО облыстарының жауапты өкілдері де өз ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, тұрғындарды баспанамен қамтуда мәселе бар екені сөз болды. Олар осы саладағы өзекті мәселелерді тізбектеп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына ұсынуға уағдаласты.

Жиын нәтижесінде алдағы айларда аудандық, қалалық «Жұмыспен қамту орталықтарында» «Еңбек» бағдарламасы арқылы көшкісі келетін азаматтарға кеңес беретін бөлме ашу, отбасылардың көшіп-қонуына көмектесетін демеушілер табу және отбасылардың тізімін анықтау, ақпараттық жұмысты күшейту жөнінде шешім қабылданды. Сондай-ақ ғаламторда Түркістан облысының көшуге ниетті тұрғындарына арналған ортақ ақпараттық кеңістік құру жөнінде ұсыныс берілді. «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы барлық филиалдары әкімдіктермен бірлесіп, осы бағытта жұмыс жүргізіп, көші-қонға тікелей атсалысатын болды.


Түркістандықтар солтүстікке көш бастайды
Түркістанда 7 гектарда хош иісті гүлдер жыл бойы гүлдейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу