Есірткі жарнамалары жойылды

Oinet.kz 18-04-2021 957

Screenshot_14.png

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бір сөзінде: «Өкінішке қарай, қазіргі озық технология дамыған заманда «есірткі бизнесінің» дәурені жүріп тұр. Есірткі сататын «астыртын» жарнамалар қаптап кетті. Тіпті, арнайы сайттар ашылған. Бұл, ең алдымен, жастардың санасын және денсаулығын улайтын кесел. Мұны тоқтату қажет! Жол бермеу керек! Заң жүзінде тосқауыл қоюымыз аса маңызды! Есірткі сатуды кәсіпке айналдырған қылмыскерлер қатаң жазалануы керек! Полиция қызметкерлеріне осы мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», - деп әсіресе жастарға есірткінің есіңді алатын жат қылық екенін ұғындыру мақсатындағы іс шараларды көптеп өткізу керектігін тапсырған болатын.

Осы орайда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп жақында «Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында Абай ауданы аумағында орналасқан ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткі құралдарын насихаттау және жарнамалау деректерін анықтау мақсатында іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында Қара су және Байдуков көшелерінің бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына психобелсенді құралдар мен прекусорлардың жарнамасы ретінде салынған 31 граффити-суреттердің мекенжайы анықталып жойылды.  Сондай-ақ, оларды салған тұлғаларды анықтау мақсатында жақын орналасқан үй тұрғындарынан, меншік иелері мен жұмысшылардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. 

Бүгінде департамент қызметкерлерімен есірткі құралдарын интернет желісі арқылы таратумен, сондай-ақ олардың сілтеме парақшаларын граффити-сурет түрінде жарнамалаумен және насихаттаумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.  Алдағы уақытта Полиция департаменті және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар әлі де жалғасатын болады.


«Ақылды емханалар» көбеюде
Қоғамдық көлік жүргізушілері оқытылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу