Қариялардың денсаулығы басты назарда

Oinet.kz 08-10-2021 1066

Screenshot_12.png

Үшінші мегаполисте әлеуметтің осал тобындағы жандарға қолдау көрсету және оңалту бағдарламаларына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айталық Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету санатындағы азаматтарға шипажайларға тегін және жеңілдікпен жолдамалар берілген. 

Биыл өтініш білдіріп, кезекке тіркелген 6174 азаматты Шымкент қаласында орналасқан «Денсаулық» шипажайы мен Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» және Тараз қаласындағы «Айша бибі» шипажайларына жолдау берілді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне шипажайлық-курорттық емделу тегін. Ал, зейнет жасындағы азаматтарға жолдама құнының 50 пайызын төлеумен беріледі.

Бүгінде қалада 82124 зейнеткер, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген -6426 қария тіркелген. Зейнет жасындағы 2377 «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері бар.

Айта кетейік,  елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында әлеуметтің осал тобындағы және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған. Портал арқылы оңалту техникалық құралдарына және бірқатар арнаулы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. Олар халыққа қызмет көрсету орталығы  немесе баламалы негізде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы өтініш жаза алады. Мамандар келіп түскен өтініштерді әлеуметтік қызметтер порталына енгізеді. Сөйтіп,  қалаған санаторийді таңдауына мүмкіндігі бар. Аталған қызметтерді алу үшін электронды цифрлық қолтаңба болса жеткілікті. 


Түркістан облысы табиғи тасқынға дайын
«Ақылды емханалар» көбеюде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу