Кезек күту өткеннің шаруасы

Oinet.kz 08-10-2021 1240

Screenshot_5.png

Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде бүгінде халыққа сапалы қызмет көрсетіп келеді. Айталық жыл басынан бері шымкенттік ХҚО-ларда 600 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Олардың 80%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент филиалының ресми өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, кезекті брондаудың 4 әдісі бар: Egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 боты, 1414 бірыңғай байланыс орталығы және egovmobile қосымшасы арқылы. «Мемлекеттік корпорация құрылған күннен бастап-ақ «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды белсенді жүргізе бастағанын айта кетейік. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, автоматтандыру, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы бұл бағытта жеткен жетістіктеріміз де аз емес. «Азаматтарға арналған үкімет» цифрландыру үдерісінің көшбасшысы ретінде еліміздегі цифрландыру ісіне ықпал ететін, нақты жобаларға бастамашы болуда», - дейді Алтынай Татаева.

Бүгінде азаматтарға арналған электронды үкімет порталы 800-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Соның 80 пайыздан астамы халыққа электронды форматта қолжетімді. Қажетті құжатыңызды онлайн түрде алу үшін бірнеше мүмкіндіктер жасалған. 

Еске сала кетейік, Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-жұма аралығында қысқартылған кесте бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті алдын-ала брондау арқылы ғана қызмет көрсетіледі.


Жылына 4500 тонна иірімжіп өндіреді
Шөкеев елді мекендерді газбен қамтуды тездетуді тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу