Жастар мемлекеттік мекемелерді қалайды

Oinet.kz 07-04-2021 415

Screenshot_4.png

Нарықтық заманда жастарға жұмыс табу оңай емес. Себебі бәсекелестік салтанат құрып тұрған уақыт. Қолынан іс келсе де екі қолға бір күрек таппай жүрген  жастарға бүгінде «Жастар практикасы» демеу болып тұр. 

Ацталық Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының мамандары жыл басынан бері 29 жасқа дейінгі 600-ге жуық қала тұрғындарына жолдама берген. Осы жылы аталған бағдарлама аясында 2500 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Бағдарлама аясында жас маманды бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында мекемеге 6 айға жолданады. Содан кейін, тәжірибеден өткен маман екі жақтың келісімімен тұрақты жұмысқа орналасатын болады.

Жастар практикасымен жұмыс істеп жүрген маманға 25 АЕК көлемінде айлық жалақы төленеді.

Бағдарламаның мақсаты – жас маманды жұмыспен қамтып қана қоймай, оның бойында іскерлік қабілеті мен жауапкершілігін арттыруды да көздейді.

«Еңбек» бағдарламасының ІІІ бағыты арқылы еңбек нарығындағы белсенділігі артқан жастардың бірі – Ақбілек Түзелова. Ақбілек Түзелованың жасы 23-те. Ол 2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Радиотехника электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген.

2021 жылы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ Оңтүстік аймақтық телекоммуникация дирекциясының филиалына «Жастар практикасы» бағдарламасымен жолданды. Қазіргі таңда «Радиотехник» мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Былтыр Шымкент қаласында аталған бағдарламамен оқу орнын бiтiрген 2 953 жас түлек түрлі жұмыс орындарына жолданып, солардың 600-ге жуығы бүгінде тұрақты жұмыспен қамтылды. Жастардың көбісі мемлекеттік мекемелерді таңдаған. 


Биыл "ОҢТҮСТІК-БАТЫС" айналма жолының құрылысы басталады
Мүгедектерді оңалту маңызды іс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу