Циркте қонжық бұйрықты қай тілде орындайды?

Oinet.kz 23-03-2019 783

Screenshot_10.jpg

«Оңтүстік-Цирктің» ең жас әртістері Мойнақ, Жайнақ, Маймақтың жасы бүгінде 8 айлық. Олар алғаш рет екі айлығында, яғни 26 мамырдан бастап манежде өнер көрсете бастады. Қазақ тілінде «отыр, айнал, тіке жүр» деген бұйрықтарды бұлжытпай орындайды. Олардың үйретушісі,  6 жылдан бері Ташкент, Ресей қалаларында тәжірибеден өткен Ассатулла Хушвақов бұйрықты мүмкіндігінше қазақ тілінде беруге ұмтылады.

Бұл қонжықтарды цирк ұжымына қаладағы зообақ сыйға тартқан болатын. Туылған күнінен бастап оларды анасынан бөліп алып, жеке қараған цирктің әртіс ассистенті Ерік Алдабергенов қонжықтарға әу бастан-ақ қазақша сөйлеп, қазақша шүйіркелесті. Сол себепті адамдардан ең алғаш қазақ тілін естіген қонжықтар үшін бұл тіл жат емес.

Жақында бір жасқа толған Назым атты арыстанның күшігі де қазақ тілінде трюктар орындайды. Бұйыртса, зообақ бізге пони мен маймылды сыйға тартпақ. Ендеше, олар да қазақ тілінде жаттығу жасайтын болады деген сөз.

Иә, «Аюға намаз үйреткен таяқ» деп тегін айтылмаған ғой. Ардақты ана тілімізді аңдар да түсінуге бет бұрды. Ал адамдар...

 Н.Шойғараева,

«Оңтүстік-Цирктің» маманы 

Көшедегі сауатсыз, жауапсыз жарнамалармен күрес күшейеді
«Мәйітті екі рет қайта қазып алуға мәжбүр болдық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу